Науқас ЭКҰ процедурасынан кейін бірден комаға түсіп қалды

РЕН ТВ телеарнасының мәліметінше, қаладағы клиникалардың бірінде ұрықтандыру рәсімінен өткен бес әйел жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Зардап шеккендердің бірі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Күйеуі әйелдің жағдайы операциядан кейін бірден нашарлағанын айтады. Әйел жұбайына оны медициналық орталықтан үйіне шығаруды сұрап қоңырау шалған, алайда әйелдің хәлі үйде де оңалмаған. Осылайша олар үйге жедел жәрдем шақырған.
Ауруханада әйелдің жағдайы нашарлай түсті: оның бүйрегі мен бауыры істен шығып, тыныс алуында мәселелер туындады, сондықтан дәрігерлер оны комаға ауыстырды. Жәбірленушінің күйеуі Вадим дәрігерлердің қандай қателіктер жібергенін және сол күні неге бірнеше әйел кабинеттен өздерін нашар сезініп шыққанын білгісі келеді.
Қазіргі уақытта ұрықтандыру жүргізілген "Я здорова" клиникасының жұмысы эпидемиологиялық тергеу аяқталғанға дейін тоқтатылды. Росздравнадзор зардап шеккендерге көмек көрсеткен дәрігерлердің жұмыс сапасын тексереді.
Бұған дейін АҚШ-тағы химиялық зауытта жарылыс болғандығы хабарланған болатын.