Сербияда ондаған мың адам биліктегі партияға қарсы шеруге шықты

Сербияда ондаған мың адам биліктегі партияға қарсы шеруге шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2024 14:43 Сурет: pixabay
Бұл жолғы наразылық акциясына ондаған мың адам жиналған. Арасында оппозиция лидерлері де бар.

Демонстранттар президент Александр Вучичке және басқарушы Сербия прогрессивті партиясына қарсы шыққан.

Олар билікті қарашада теміржол станциясында болған апатқа жауапты деп айыптайды.

Өткен айда теміржол станциясы шатырының бетон қалқасы құлап, 15 адам қаза тапқан еді, деп жазады qazaqstan.tv.

Халық оқиға үкіметтің жемқорлығы мен непотизм салдарынан болды деп есептейді. Шерулер де сол уақыттан бері жиі өтіп келеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: