АҚШ-тың Қаржы министрлігі дефолттың алдын алатын шұғыл шаралар дайындығына кірісті

Дефолт, АҚШ, Қаржы министрлігі, шұғыл шаралар, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2024 10:43 Сурет: pexels
АҚШ 2025 жылы 2 қаңтардан бастап биыл 14-23 қаңтар аралығында қол жеткізілген мемлекеттік қарыздың межелі шегінің деңгейіне оралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы АҚШ-тың Қаржы министрі Джанет Йелленнің конгреске жолдаған үндеу хатында айтылады.

Оның айтуынша, лимит 1 қаңтардың аяғындағы өтелмеген берешек сомасы негізінде айқындалатын болады. Сондай-ақ ол осы шекке жеткеннен кейін ведомство орын алуы ықтимал дефолттың алдын алу үшін шұғыл шаралар қолдануы керек болатынын атап өтті.

"2025 жылғы 2 қаңтардан бастап мемлекеттік қарыздың жаңа борыштық лимиті өткен күннің соңында заңда белгіленген шекті ескере отырып, өтелмеген берешек сомасы мөлшерінде белгіленетін болады", делінген үндеуде.

АҚШ-тың мемлекеттік қарызының басым бөлігі ішкі қарызға жатады, сондықтан бұл сыртқы дефолт қаупін азайтады. АҚШ мемлекеттік қарызының шегі 2023 жылдың маусымында уақытша алынып, 2025 жылдың қаңтарына дейін тоқтатылды. Шын мәнінде, АҚШ Қаржы министрлігі 1,5 жыл ішінде өздеріне қанша қаражат қажет болса, сонша қарыз алуға құқылы болды.

Енді мемлекеттік қарыз мәселесін АҚШ-тың қайта сайланған президенті Дональд Трамптың әкімшілігі шешуі керек болады, өйткені оның инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарына жоспарланған.

Бұған дейін Трамп Масктың АҚШ президенті болу мүмкін екендігі туралы алып-қашпа сөздерге жауап берген. Аризона штатының Феникс қаласында өткен America Fest конференциясында ол өз қолындағы билік пен міндеттерді миллиардерге беріп қою туралы жоспары жоқ екенін айтты.  

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: