Стамбулда шыршалардың жаппай кесілуіне байланысты ормандарда кезекшілік ұйымдастырылды

Стамбулда шыршалардың жаппай кесілуіне байланысты ормандарда кезекшілік ұйымдастырылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2024 13:01 Сурет: aa
Стамбул орман шаруашылығы басқармасының қызметкерлері шыршалардың заңсыз кесілуіне жол бермеу үшін тәулік бойы кезекшілікті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yeşilhat экологиялық жаңалықтар агенттігінің дерегінше, Сарыер ауданында ағаштарды кескен күдіктілер ұсталды. Олар жедел түрде жауапқа тартылды.

Стамбулда шыршалардың жаппай кесілуіне байланысты ормандарда кезекшілік ұйымдастырылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2024 13:01

Сурет: Х/AA_Yesilhat

Елдің Орман кодексіне сәйкес, мемлекеттік ормандарда көшеттер мен ағаштарды кесуге тыйым салынады. Мұндай әрекеттер үшін үш айдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және ақшалай айыппұлдар қарастырылған.

"Сондай-ақ, құқық бұзушылар бүлінген орман алқаптарын қалпына келтіру құнын өтеуге міндетті", — делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қара теңіз жағалауында мазуттың қайта төгілуі анықталғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: