Оңтүстік Кореяда президентті тұтқындау операциясы сәтсіз аяқталды

Оңтүстік Кореяда президентті тұтқындау операциясы сәтсіз аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2025 11:55 Сурет: pixabay
Оңтүстік Корея тергеушілері биліктен кеткен президент Юн Сок Ёлді тұтқындауға әрекет жасады. Бірақ бұл операция сәтсіз аяқталды.
Себебі мемлекет басшысын ұстауға оның күзетшілері бірнеше сағат бойы қарсылық көрсеткен. Сонымен қатар, операцияны тоқтатуға тергеушілердің өміріне төнген қауіп себеп болды.
Юн желтоқсанның басында елде әскери жағдай жариялауға әрекет жасады. Сол шешімі үшін оған парламент импичмент жариялап, желтоқсанның 14-де президентті лауазымынан босатты.
Бірақ Юнды қызметінен нақты кетіру үшін импичментті Конституциялық сот мақұлдауы керек, деп жазады qazaqstan.tv.
Оппозиция Юнды төңкеріс жасамақ болды деп айыптады. Президент болса, бұны жоққа шығарып, қарсыластарын үкімет жұмысын тұралатуға әрекеттенді деп кінәлап отыр.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: