Әзірбайжан билігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде көмек көрсеткен қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
Сурет: mchs.gov.ru
Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс министрі Кямаладдин Гейдаров қазақстандық құтқарушыларды марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Гейдаров Баку-Грозный рейсін орындаған "Әзірбайжан авиакомпаниясының" Ақтау халықаралық әуежайының маңындағы 2024 жылғы 25 желтоқсандағы апатынан кейін құтқару операциясына қатысқан Қазақстан ТЖМ қызметкерлерінің тобын марапаттады.
Бұл туралы Әзірбайжан ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Министр төменде аталған Қазақстан ТЖМ азаматтарына "жұртшылық үшін" төсбелгісін табыстады:
- Сейталин Азамат Серікұлы;
- Аминов Тимур Владимирович;
- Айдаров Қани Манапұлы;
- Қараев Саясат Мұсайұлы;
- Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы;
- Құлханов Әзімбек Шындәулетұлы;
- Күзембаев Ербол Ахметұлы;
- Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы;
- Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы;
- Айман Мыңбаева.
2024 жылғы 28 желтоқсанда Тоқаев Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript