Грузияның бұрынғы президенті Зурабишвили жаңа жұмысқа орналасты
Институттың сайты мен әлеуметтік желілеріндегі ақпаратқа сәйкес, Грузияның 72 жастағы экс-президенті өзінің дипломатиялық, көшбасшылық және саяси тәжірибесін өз елін жаңа сайлауға және демократиялық даму жолына жылжыту үшін пайдаланады.
Институт 2012 жылы сенатор Джон Маккейннің президенттік науқанынан қалған ақшаға құрылған:
Ұйымның бұрынғы демеушілері:
- Джордж Сорос;
- SpaceX;
- Сауд Арабиясы мен Дания үкіметтері.
Институттың алға қойған мақсаттары – демократиялық құндылықтарды ілгерілету және жаңа көшбасшыларды дайындау.
Грузия бесінші Президенті Саломе Зурабишвили 29 желтоқсанда қызметінен өз еркімен кететіндігін мәлімдеген болатын. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Парламент депутаттары мен Грузия Үкіметі мүшелерінің жалақысы айтарлықтай өсті. Сондай-ақ, ел бүгінгі, 9 қаңтарды аза тұту күні деп жариялады.