Өзбекстанда селфи жасаудың әлегі қайғылы оқиғамен аяқталды

Өзбекстанда селфи жасаудың әлегі қайғылы оқиғамен аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 12:01 Сурет: unsplash
Өзбекстанда тау асуындағы биіктікте суретке түспек болған екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

vzglyad.uz дерегінше, қайғылы оқиға Камчик асуында болды. Ферғана облысының екі тұрғыны туристік топ құрамында Ташкент — Андижан — Ош тас жолымен жүрді. Бір сәтте олар тоқтап, туристерге баруға арналмаған арнайы техника алаңына көтерілді.

Ер адамның бірі селфи жасау үшін ең шеткі нүктеге барған, алайда тайып кетіп, жақын жерде тұрған танысының қолынан тартқан. Осылайша екеуі терең шұңқырға құлады, артынша оларды қар басып қалған.

Белгілі болғандай, құтқарушылар бірнеше минуттан кейін оқиға орнында болып, оларды қар астынан лезде шығарып алған. Алайда, бұл кезде екеуі де бақилық болған.

Бұған дейін Үндістандағы ғибадатханада алты адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: