Лос-Анджелестегі алапат өрт: күдікті ұсталды, қаза тапқандардың саны екі есе өсті
Sky News дерегінше, 2025 жылғы 10 қаңтарда таңертегі жағдай бойынша Калифорнияда бес өрт алаңы оқшауланды.
Жергілікті тұрғындар соңғы өрт шыққан аймаққа жақын жерде жүрген күдіктіні ұстаған. Лос-Анджелес полиция департаментінің тергеушілері оның іске қатысы бар-жоқтығын анықтайды. Ұсталған адам қамауға алынды.
Лос-Анджелес округінің прокуроры Натан Хохман қылмыскерге кісі өлтірумен және өмір бойына бас бостандығынан айырумен салыстыруға болатын жаза қолданылуы мүмкін деп мәлімдеді.
"Әділеттілік тез орнайды. Оған ең қатал жаза қолданылады",- деді Хохман.
Сонымен қатар,қызыл жалыннан қаза тапқандар саны 10 адамға дейін өсті. Олардың жеке басы әлі анықталған жоқ.
Бұған дейін қызыл жалынның құрсауында қалған Калифорнияда Олимпиада чемпионының үйі өртеніп, ол барлық медальдарынан айрылып қалғандығы хабарланған болатын.