Санкт-Петербургте әзірбайжандық студент елде жоқ алаяқтық жасап, қыруар қаражат тауып жүрген
Сурет: pixabay
Санкт-Петербургте Добролюбов көшесінде алаяқтық схемасы белең алған мейрамхана жұмыс істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаланың ІІМ мәліметінше, мейрамханада клиенттер ауадан алынған төлемдерді төлеуге мәжбүр болған. Көбірек қаражат таппақ болған 20 жастағы студент, бұл үшін арнайы қыздарды жалдаған. Олар интернет арқылы ер адамдармен танысып, оларды мейрамханаға кездесуге азғырып, кем дегенде 12 мың рубльге тапсырыс беріп жүрген. Бұл үшін студент оларға чектің 15%-ын берген.
Оқиға 52 мың рубльдің түбіртегімен полицияға жүгінген ер адамның оқиғасынан кейін белгілі болды. Кейіннен өзге де жәбірленушілер табылған. Олар өздерінің серіктерінің тапсырыстары үшін 30-дан 105 мың рубльге дейін төлеген. Мейрамхана иесі қамауға алынды, ал қыздардан куәгер ретінде жауап алынды.
Бұған дейін Словенияда көмір шахтасында үш адамның қаза тапқандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript