16 жастағы ресейлік бойжеткен жуынып жатқанда тіс щеткасын жұтып қойған

Ресейлік тіс щеткасын жұтып қойған, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 10:01 Сурет: pexels
Мәскеу облысының оқушысы абайсызда тіс щеткасын жұтып қойған. 16 жастағы бойжеткен жүрек айну мен кеуденің жоғарғы бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданып дәрігерге барған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Л.М. Рошаль атындағы балалар клиникалық орталығында тексеру кезінде оның асқазанында бөгде зат – тіс щеткасы табылғанын айтты.

Науқас оны абайсызда жұтып қойғанын түсіндірді.

Сурет: mz.mosreg.ru

Жалпы анестезиямен және эндоскопиялық құралдың көмегімен щетка жарты сағат ішінде алынып тасталды.

Қыз амбулаторлық бақылауға үйіне шығарылып, қалыпты өміріне оралды.

2025 жылдың басында Ақмола облыстық балалар ауруханасының балалар хирургтары 39 магниттік шарды жұтып қойған төрт жасар баланың өмірін сақтап қалғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: