Татарстанда 11 жасар бала хоккей ойнағаннан кейін қайтыс болды
Сурет: pixabay
Татарстандағы Ақтөбе кентінде 11 жасар бала хоккей ойынынан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей Федерациясы СК аймақтық тергеу басқармасының мәліметінше, қылмыстық іс қозғалған.
"Азнакаев ауданының Ақтөбе кентінде 11 жасар бала қайтыс болды. Бұл факт бойынша Ресей Федерациясының Татарстан Республикасы бойынша тергеу комитетінің тергеу органдары Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 109 – бабының 1-бөлігі бойынша "Абайсыздағы өлім" бойынша қылмыстық іс қозғады", – делінген ақпаратта.
Тергеу мәліметтері бойынша, бала қатарластарымен хоккей ойнағаннан кейін үйіне оралған, онда ол ата-анасына өзін нашар сезініп тұрғанын айтқан. Жақындары бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда, медицина қызметкерлері реанимациялық шаралар өткізгенімен, баланы аман алып қала алмаған.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бұған дейін жасөспірімді жабылып зорлап артынша өлтірген бес ер адамның өлім жазасына кесілгендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript