Шымкентте ағасы төртінші қабаттан тастап жіберген бала қайтыс болды
Сурет: pixabay
Шымкентте төртінші қабаттан құлаған бір жасар бала облыстық балалар ауруханасында көз жұмды. Бұл туралы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24 қараша күні сағат 18:39-да бас дәрігерге, өкінішке қарай, баланың жүрегі тоқтап, реанимация шарасы нәтиже бермегені хабарланды", - деп жазды Жаннета Жазықбаева Facebook-тегі парақшасында.
Шымкентте адам өлтіруге оқталған деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол бір жасар сәбиді төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Ол баланың ағасы екені анықталды. Ер адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript