Түркияда өзін өлтірмек болған адамды "дөнер" арқылы құтқарып қалды

Түркияда өзін өлтірмек болған адамды "дөнер" арқылы құтқарып қалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 11:29 Сурет: pixabay
29 қаңтарда Түркияда полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды ерекше әдіспен құтқарып қалды. Олар оған дөнер сатып алып берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Haber басылымының дерегінше, Хасан есімді жігіт бес қабатты ғимараттың төбесінде өзін өртемек болған. Ол мұны пластикалық бөтелкесіндегі зәрмен жасауға тырысқан. Оқиға орнына келген полицейлер бір жағынан таң қалып, екінші жағынан әзіл ретінде қабылдаған.

Сурет: haber

Полицейлермен қарқынды келіссөздер барысында ер адам өзінің аш екенін айтқан. Нәтижесінде полицейлер дөнерге тапсырыс берген, осылайша Хасан жоспарынан айныған.

Белгілі болғандай, бұл оның алғашқы суицид әрекеті емес. Ол дәл осы сценарийді елдің бірқатар аймақтарында қайталаған.

Сурет: haber

Полицейлер оны ауруханаға жібергедерін айтты.

"Аш болсаң өзіңе ұқсамайсың",- деп әзілдеді ведомство қызметкерлері.

Бұған дейін Нью-Йорктегі бұзақылардың метродағы пойызды ұрлап, заңсыз тізгіндегені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: