Жапонияда азық-түлік қымбаттап кетті

Жапонияда азық-түлік бағасы қымбаттап кетті. Ал жалақы ондаған жылдар бойы өзгермеген.
Осы қиындықты еңсеру үшін жұрт көкөністі үйде өсіре бастады.
Ерлі-зайыпты Казуки және Рина Наката көкөністің 47 түрін өсіріп отыр.
Пластик ыдыстарға салат жапырағы, пияз, тіптен дайкон шалғамын өсірген, деп жазады qazaqstan.tv.
"Бұлай жасау үнемді, әрі күн сайын экологиялық таза көкөніс, шөп жеу пайдалы", – дейді олар.
Наката отбасы тамақты мейрамханадан емес, үйде әзірлеуді әдетке айналдырыпты. Өйткені мұнда бір ғана орамжапырақ бағасы 7 долларға жуықтайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript