Мысырда хайуанаттар бағындағы арыстан күзетшіні талап өлтірді

Зоопарк, животные, лев, львица, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 09:32 Фото: Zakon.kz
Мысырдың Эль-Файум қаласындағы хайуанаттар бағындағы арыстан күзетшіні талап өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Youm7 дерегінше, марқұм 47 жаста болған.

"Эль-Файюмдегі хайуанаттар бағының қызметкері арыстан оның басын тістеп алғаннан кейін қайтыс болды", – делінген ақпаратта.

Басылымның дерегінше, оқиға оқыстан болған. Күзетші тепе-теңдігін жоғалтып, арыстанның торына түскен. Мұны көрген жыртқыш бірден шабуыл жасаған. Қызметкер бас жарақатын алып, салдарынан көз жұмған.

Бұл ретте, құқық қорғау органдарының қызметкерлері арыстанды атып өлтірген. Қайғылы оқиғаға байланысты Эль-Файум билігі хайуанаттар бағын уақытша жауып тастады.

Бұған дейін ХАМАС Израильдің тағы екі тұтқынын босатқандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: