Қазақстанға 4,5 миллион доллар: Ақ үй Байденді қажетсіз шығындарға жол бергені үшін айыптады

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2025 13:57 Фото: flickr/White House
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт брифингте АҚШ экс-президенті Джо Байденнің әкімшілігінің әрекетін "ақымақтық" деп айыптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Левитт демократтардың шығындары туралы айтты. Мәселен, Байден командасы Гватемаладағы жынысты ауыстыру операцияларына ақша бөлген.

"Гватемалаға жынысты ауыстыру үшін екі миллион доллар", – деді Левитт.

Сонымен қатар, Джо Байденнің президенттігі кезінде АҚШ Ирактағы "Сезам көшесі" жаңа шоуына және "Қазақстандағы жалған ақпаратқа қарсы күреске" миллиондаған доллар бөлді.


"Иракта жаңа шоу жасауға 20 миллион доллар, ал Қазақстандағы "жалған ақпаратқа қарсы күреске" 4,5 миллион доллар бөлінді. Бұдан бөлек, Байден Египеттегі "туризмді қаржыландыруға" тағы алты миллион доллар бөлген",-деп жалғастырды Ақ үйдің баспасөз хатшысы.

Бұған дейін Ауғанстанда жалғыз әйелдер радиостанциясы жабылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: