Түркия цунами мен жер сілкінісіне дайындалуда

Қазіргі уақытта түрік билігі ықтимал жер сілкінісі мен цунамиге дайындалуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түрік табиғи апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ел Санторини аралындағы сейсмикалық белсенділіктен жан ұшыра қорқып отыр. Аталмыш аймақта бірнеше күн ішінде магнитудасы үштен асатын жер сілкіністерінің саны 761 жағдайға жетті.

Сурет: Х/tarafsizresmi
Сондай-ақ, бұл жанартаудың атқылауына да әкелуі мүмкін. Дегенмен ведомство табиғи апаттардың жағдайын бақылауда ұстауда. Осыған байланысты қызметкерлер қауіпті аймақтағы бірнеше провинцияларда мобильді сирена жүйелерін орналастырды.
"Еліміздің жағалауына ең жақын жер сілкінісі 140 км қашықтықта болды", – деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін Бішкектегі Ұлттық кардиология орталығынан өрт шығып, екі науқастың қаза тапқандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript