Еуропада аутист балаларға үкіметтен қолдау көп

Детский сад, детский садик, дети, ребенок, детсад, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 09:33 Фото: pexels
Еуропа елдерінде аутизм диагнозы қойылған балалар инклюзивті білім беру бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде оқи алады. Дегенмен ата аналар баласының толыққанды өмірге бейімделуі үшін аутист балаларға арналған орталықтарға бергенді қалайды.

Балғындар мектептерге арнайы автобуспен немесе таксимен жеткізіледі. Шығын мемлекет есебінен өтеледі. Сондай-ақ балаларды үйде оқыту мүмкіндігі де қарастырылған.

Ата-анасы жұмыстан келгенше баланың білімі мен тәрбиесіне әлеуметтік қызметкер жауапты. Еуропада аутизмге шалдыққан балғындарға медициналық, әлеуметтік көмек тегін.

Мүгедектігі үшін жәрдемақыдан бөлек үкіметтен бірнеше өтемақы төленеді. Олардың білім алуын, жұмысқа орналасуын Autism Europe ұйымы қадағалайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Құрамына 30 мемлекеттің 80-нен астам қауымдастығы кіретін мекеме аутизмге шалдыққан адамдардың құқын қорғайды.

"Бізде психолог, арнайы ұстаздар, эрготерапевт, логопед, әлеуметтік қызметкер осы мамандардың барлығы бірігіп, аутист балаларды өмірге бейімдеуге бар күш-жігерін салуда. Ата-аналар жалғыз емес. Біз үкіметпен бірігіп отбасыларға барлық көмекті көрсетіп отырмыз. Нәтиже жаман емес, мектептен кейін, жоғарғы білім алып, жұмысқа орналасып жатқан түлектеріміз көп." Николас Летайз, аутизм орталығының директоры
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: