Террористер Еуропаға бағытталған террорлық актілер жайлы сайт құрды

Bild басылымының мәліметінше, сайтта көшеде өтіп бара жатқан адамдарға көліктің жүргізуші орнынан алдыңғы әйнек арқылы қарайтын сурет орналастырылған.
Көшелермен келе жатқан адамдардың бет-әлпеттері боялған, борттық компьютерде келесі қала тұрғындарын "көшуге" шақыру жазылған: Берлин, Мюнхен, Майндағы Франкфурт, Вена, Брюссель, Антверпен, Зальцбург.
Басылымның ақпаратынша, Германия, Австрия және Бельгияның қауіпсіздік органдары топтың үгіт-насихат материалдарын байыпты қабылдай алады. Себебі бұл үш елде де террорлық актілер бірнеше мәрте болған, ал құқық қорғау органдары мұндай шабуылдардың дер кезінде алдын алып отыр.
Бұған дейін Израильде бірден үш автобус жарылғандығы хабарланған болатын. Сарапшылардың пікірінше, бұл лаңкестік әрекет болуы әбден мүмкін.