Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлау 2025 жылғы мамыр айында өтуі мүмкін

Оңтүстік Кореяда мерзімінен бұрын президенттік сайлау ағымдағы жылдың мамыр айында өтеді деп күтілуде. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Yonhap news дерегінше, Оңтүстік Корея елдегі ішкі саяси жағдайдың болашағын талқылауды жалғастыруда. Саяси күн тәртібінде кезек күттірмейтін үш мәселе күтіп тұр.
- Конституциялық Соттың импичмент бойынша қорытынды шешімі қашан шығарылады?
- Бұл қандай шешім болады – импичментті мақұлдау немесе жою?
- Егер импичмент мақұлданса, мерзімінен бұрын перзиденттік сайлау қашанға жоспарланады?
Сарапшылардың пікірінше, егер сот импичментті мақұлдаса, онда елде мерзімінен бұрын сайлау мамыр айында өтеді. Екі саяси күш те ықтимал сценарийге дайындалуда.
"Қалай болғанда да, алдағы апталар саяси оқиғаларға толы болады", – делінген басылымда.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда әуежай аумағында жолаушылар ұшағы жанып кеткендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript