Оңтүстік Кореяда әуежай аумағында жолаушылар ұшағы жанып кетті

Оңтүстік Кореяда әуежай аумағында жолаушылар ұшағы жанып кетті , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 11:51 Сурет: ytn
Кимхэ халықаралық әуежайында жалынға оранған Air Busan жолаушылар ұшағы жайлы алғашқы мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 28 қаңтарда Пусан қаласының халықаралық әуежайында болды. YTN басылымының дерегінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына шамамен 10 минуттан кейін келген. Қызыл жалынның дес бермей кеткеніне қарамастан оны өрт сөндірушілер бір сағаттың ішінде ауыздықтады. 

Тілсіз жаудан әуе кемесінің басым бөлігі зардап шеккен. 

Оқиға болған кезде бортта 169 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы құтқарушылар келгенге дейін және өрт таралғанға дейін эвакуацияланды.

Бұл ретте үш жолаушы мен төрт экипаж мүшесі медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұған дейін Аляскіде жойғыш ұшақ апатқа ұшырағандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: