Конгода 50-ден астам адам белгісіз аурудан өлім құшты

Лаборатория, медицинская лаборатория, анализы, лабораторные пробирки, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 10:24 Фото: akorda.kz
Басанкусу қаласының маңында белгісіз аурудың өршуінен 53 адам қайтыс болды. Науқастар алғашқы белгілерден кейін 48 сағат ішінде тіл тартпай кетуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізілген жедел сынақтардың жартысына жуығы безгек ауруын растап отыр. Actualité басылымының жазуынша, оған себеп, науқастарда қызба, қалтырау, бас ауруы, буын ауруы және басқа да белгілер бар.

"Аурудың өршуі 21 қаңтарда басталды. Содан бері 419 жағдай тіркелді, оның ішінде 53 өлім. Аурудың өлім-жітімі 5,5% құрайды", – деп хабарлады Басанкусу қаласының билігі.

Бұған дейін Конгода қарулы қақтығыс кезінде 17 адам қаза тапқандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: