Күрдістан жұмысшы партиясы Түркия үкіметімен бітімге келетінін жариялады

Күрдістан жұмысшы партиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2025 11:21 Сурет: wikimedia
Күрдістан жұмысшы партиясы Түркия үкіметімен бітімге келетінін жариялады. Бірнеше күн бұрын түрмеде отырған партия жетекшісі Абдулла Ожалан осы сипатта үндеу жасап, майдандастарын атыс-шабысты тоқтатуға, қаруларын тастауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенбі күні осындай мәлімдеме жасаған партия өкілдері Түркия үкіметі Ожаланды босататынан үмітті. Сонда оның басшылығымен бітімге келуге және қарусыздандыруға қол жеткізуге болатыны да айтылады, деп хабарлайды BBC.

Күрд көшбасшысы 1999 жылдан бастап түрмеде, ол бір адамға арналған камераға орналастырылған.

Айта кетсек, 2012 жылдың қазан айынан бері Түркия үкіметі Ожаланмен "Күрдістан мәселесін" шешуге бағытталған бейбітшілік келіссөздерді жүргізіп келеді.

Ожаланның түрмеден үндеу жасауына түрік ультра ұлтшыл партиясының жетекшісі Девлет Бахчелидің қақтығысты тоқтатуға шақырған бастамасына жауабы болды. Абдулла Ожаланды серіктестері Апо деп атайды, бүгіндері ол Ыстамбұлдың оңтүстік-батысындағы Мәрмәр теңізіндегі Имрали аралында түрмеде отыр. Осы аптада оған Парламенттегі күрд мүддесін білдіретін және КЖП мен түрік билігі арасындағы медиатор болып табылатын Халықтар демократиялық партиясының депутаттар тобы келді.

"АПО-ның бейбітшілік пен демократиялық қоғамға шақырған бастамасын жүзеге асуына жол ашу үшін біз бүгіннен бастап күшіне енетін атыс-шабыстың тоқтатылатынын жариялаймыз. Біздің бөлімшелеріміз өздеріне шабуыл жасалмаса, ешқайсысы оқ атпайды", делінген КЖП атқарушы комитетінің сенбіде жарияланған мәлімдемесінде ".

Күрдістан жұмысшылар партиясы 1979 жылы құрылған. Ұйым қарулы қарсылық арқылы Түркия, Ирак, Иран және Сирия шекаралары түйілісетін аймақта тәуелсіз "Күрдістан мемлекетін" орнатуды көздейді. Әлемнің көптеген елі КЖП-ны лаңкестік ұйым деп таниды.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: