Трамп мұсылмандарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 10:04 Фото: flickr/Gage Skidmore
3 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамп барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл уақытты оразаның, дұға мен қауымдық жиындардың қасиетті айы деп атады. Трамптың мәлімдемесін Ақ үйдің баспасөз қызметі жариялады.

"Бұл біз ізгілікте өмір сүру үшін үміт, батылдық пен шабыт алатын уақыт", – делінген Трамптың жолдауында.

Ол өзінің мәлімдемесінде, Трамптың әкімшілігі американдық өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылатын діни бостандықты жақтайды деп жазды.

"Ең алдымен, біз бейбіт болашақты құруға және әрбір адамның жан дүниесінде сақталған қадір-қасиетті мойындауға деген шешімімізді растаймыз", – делінген хабарламада.

Бұған дейін бірқатар шет мемлекеттердің басшылары Тоқаевты Рамазан айының басталуымен құттықтағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: