Трамп бүкіл әлемге сауда соғысын ашты. Қазақстан да "Трамптың тізімінен" қалыс қалмаған

Трамп бұл жайлы 2 ай бойы ескерткен болатын. Оның тізімінде 185 ел бар. Ол баж мөлшерін елге байланысты 10%-дан 50%-ға дейін енгізді.
Мәселен, ең жоғары тарифтер Сент-Пьер Мен Микелон (50%), Камбоджа (49%), Вьетнам (46%), Таиланд (36%), Қытай (34%), Тайвань (32%) және Оңтүстік Африкаға (30%) енгізілген. Ал, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Бразилия, Колумбия, Түркия, Ұлыбритания, Сингапур, Украина сияқты елдерге төменгі тариф – 10% көрсетілген. Қазақстанға болса 27% белгіленген.
LIBERATION DAY RECIPROCAL TARIFFS 🇺🇸 pic.twitter.com/ODckbUWKvO
— The White House (@WhiteHouse) April 2, 2025
Бір қызығы тізімде Ресей мен Беларусь жоқ. Дегенмен, оларға да 10% базалық тариф қарастырылған болуы керек. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Ресейге, Беларуссияға, Кубаға және Солтүстік Кореяға қарсы АҚШ-тың өзара баждары енгізілмеген, өйткені бұл елдер "қазірдің өзінде өте жоғары тарифтерде". Бұрын енгізілген санкциялар осы елдермен жасалынатын кез-келген саудаға кедергі келтіреді.
Тарифтер 9 сәуірде күшіне енеді.
Бұл ретте, Трамп Американы қайтадан ұлы және бай елге айналдыруға уәде берді.
Бұған дейін енді АҚШ визасын алу үшін желідегі парақшаңды көрсету керек екендігі жайлы жазған болатынбыз.