Нью-Йоркте тікұшақ апатында Siemens компаниясының басшылық қызметіндегі маман қайтыс болды

 Нью-Йоркте тікұшақ апатында Siemens компаниясының басшылық қызметіндегі маман қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2025 10:45 Сурет: forbes.es
11 сәуірде Нью-Йорктегі тікұшақ апатында бүтін бір отбасы, атап айтқанда Siemens неміс концернінің испандық бөлімшесінің басшысы жанұясымен бірге қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірнеше сағат бұрын тікұшақ апатқа ұшырап, Нью-Йоркке қарама-қарсы орналасқан Джерси-Сити қаласындағы Гудзон өзеніне құлаған болатын. New York Post басылымының жазуынша, құлаған Bell 206L тікұшағында алты адам болған. Нақтырақ айтқанда, Агустин Эскобар мен оның әйелі және ұшқыш пен Эскобардың үш баласы.

Бұл ретте, ұшқыштың аты-жөні әлі анықталмаған.

Бұған дейін жапондық құтқару тікұшағының егде жастағы науқасты тасымалдау кезінде теңізге құлап кеткендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: