Үндістанда Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды

Үндістанда Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 09:16 Сурет: Mazur/catholicnews.org.uk
21 сәуірде Үндістан үкіметі Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына құрмет ретінде үш күндік Мемлекеттік аза тұту жариялады. Бұл уақытта елде мемлекеттік ту түсіріліп, ресми ойын-сауық болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hindustan Times газетінің жазуынша, аза тұту күні 22 сәуірде басталып, жерлеу күнінде – 24 сәуірде жалғасады.

Айта кетсек, Рим Папасы Франциск 2025 жылғы 21 сәуірде 88 жасында қайтыс болды.

Бұл ретте, ол жексенбіде (2025 жылдың 20 сәуірі) қайтыс болуынан бір күн бұрын Ватикандағы Әулие Петр соборының балконынан католиктерді Пасха мерекесімен құттықтаған болатын.

2022 жылы Рим Папасы Франциск Астанаға үш күндік сапармен келді. Одан кейін Әлемдік және дәстүрлі діндердің 7-съезіне қатысып, қасиетті мерейтойды атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: