"Құрбандар саны артты": Иранда үш күндік аза тұту күні жарияланды

Иранның оңтүстігіндегі Шахид-Раджай теңіз портында болған жарылыс кезінде қаза тапқанда саны 28-ге дейін артты. Елде үш күндік аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Иранның ең ірі сауда портында жарылыс 26 сәуірде болды. IRNA мәліметтері бойынша, салдарынан 1 139 адам зардап шекті. Тағы алты адам із-түссіз жоғалып кетті.
Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Хосейн Коливандтың айтуынша, қазіргі уақытта 190 адам ауруханада жатыр. 28 адам қаза тапқан.
Иран Қорғаныс министрлігі Раджай портында әскери жүк болмағанын айтты: "Тергеу мен құжаттарды зерделегеннен кейін өрт болған аумақта әскери мақсаттағы импорттық немесе экспорттық жүктер болмағаны анықталды".
26 сәуір күні кешке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Масуд Пезешкиан мен Иран халқына "Шахид Раджай" теңіз портындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның зардап шегіп, құрбан болуына байланысты көңіл айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript