Иерусалим отты блокадада: Израиль көмек сұрады

Осыған байланысты Израиль үкіметі бірқатар Еуропа елдерінен көмек сұрады.
"Израиль өрттерді сөндіруге халықаралық көмек көрсету туралы шұғыл сұрау жіберді. Сұраныс кемінде бес мемлекетке, соның ішінде Кипр, Грекия, Хорватия, Болгария және Италияға жіберілді", – деп хабарлайды Ynet порталы.
Орман өрттерін сөндіруге 10 ұшақ пен 119 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылғанымен, табиғи апатты жоюға бұл күштер жеткіліксіз екені белгілі.
Қатты аптап ыстық кезінде Иерусалим тауларында орман өрттері шықты.
PRAY FOR ISRAEL 🇮🇱 pic.twitter.com/tgzUmRIRSb
— Amir Tsarfati (@beholdisrael) April 30, 2025
Айта кетейік, сәуірдің 30-ы Израильдің тәуелсіздік алғанына 77 жыл толды. Көптеген израильдіктер от жағып, барбекю жасады. Сондықтан полицейлер қасақана өрт қою мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху оқиғаны тергеуді тапсырды.
2025 жылдың 27 сәуірінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Қарағанды облысындағы Бахтин орманшылығының аумағында табиғи өртті анықтады.