Жапонияда көлік мектеп оқушыларын соғып, жетеуі жарақат алды

Жапонияда көлік мектеп ғимаратының алдында тұрған бір топ студенттерді соғып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде жеті бала зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жапон қоғамдық телеарнасының (NHK) хабарлауынша, оқиға елдің батысындағы Осака қаласында болған.
"Балалар жергілікті бастауыш мектеп жанындағы аллеялардың бірінде тұрған. Кем дегенде жеті бала зардап шекті – алтауы ес-түссіз, бірінің жағдайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Испанияда энергетикалық апокалипсис адам өліміне әкелгені хабарланған болатын. Сәуірдің 28-і күні электр қуатының жаппай үзілуінен кемінде бес адам қаза тапты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript