Ыстамбұлдағы зілзалада төрт мыңнан астам ғимаратқа зақым келді

Ыстамбұлдағы жер сілкінісінен 4295 ғимарат бүлінді. Бұл туралы Түркияның қала құрылысы және қоршаған орта министрі Мұрат Курум мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
TRT Haber мәліметтері бойынша, 23 сәуір күні Ыстамбұлда жер дүмпуі сезіліп, төтенше жағдайлар қызметі жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. Кейіннен белгілі болғандай, зілзаланың магнитудасы 6,2 баллды көрсеткен.
"Біз 36 425 ғимаратты тексердік, оның 4295-і аздап зақымданды", – деді Мұрат Курум.
Бұған дейін Иранда күшті жер сілкінісі болып, 19 адам жарақат алғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript