Аяқ киім брендтері Трамптан оларды баж салығынан босатуды сұрады

Көптеген америкалық брендтердің Азияда өндірістік алаңдары бар. Мысалы, Nike аяқ киімі негізінен Қытайда, Вьетнамда және Индонезияда шығарылады. 2023 жылы Вьетнамда 51%, ал Қытайда 24% өндірілген.
New Balance және Vans спорттық аяқ киімдерінің көпшілігі де осы елдерде өндіріледі. Қытайдың өндірістік қуаттарын Puma да белсенді пайдаланады. Жалпы алғанда, АҚШ-та сатылатын аяқ киімнің 70% Қытайда шығарылады.
Сондықтан 29 сәуірдегі хатта Америка аяқ киім дистрибьюторлары мен бөлшек сатушылар ассоциациясы жүздеген кәсіпорындардың жабылу қаупіне тап болғанын және ондаған мың жұмыс орнының тәуекелге ұшырағанын мәлімдеді. Жаңа баж салығы бұрынғы баждар үстіне қосылады, енді америкалық аяқ киім компанияларына оларды 150%-дан 220%-ға дейін төлеуге тура келеді.
"Төмен және орташа табысы бар еңбекқор отбасылар үшін қолжетімді аяқ киім шығаратын көптеген компаниялар мұндай жоғары тарифтерді көтере алмайды және бұл шығындарды өздеріне аудара алмайды. Өзара баж салығынан дереу босатылмаса, олар жай ғана жабылып қалады", – делінген құжатта.
Бұған дейін Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысатын әлемдік көшбасшыларға Зеленскийдің тарапынан қауіп төніп тұрғандығын жазған болатынбыз.