Nissan компаниясы жұмысшыларын жаппай қысқартпақ

Nissan компаниясы жұмысшыларын жаппай қысқартпақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 11:35 Сурет: pixabay
Жапондық Nissan автомобиль өндірушісі 20 мыңға жуық қызметкерін жұмыстан шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kyodo News басылымының жазуынша, компания өткен қараша айында ғана штаттың 9 мың адамға қысқарғанын мәлімдеген болатын. Ал, бүгінде тағы 11 мың қызметкерді қысқарту жоспарланып отырғанын айтты. Осылайша, автомобиль өндірушісі жұмыскерлерінің 15%-мен қоштасады.

Қысқарту жұмыстары Жапонияда да, шетелде де жүргізіледі. Сонымен қатар, басшылық Таиландтағы өндіріс алаңын қоса алғанда, үш зауытты жабуды жоспарлап отыр.

Жапондық автоөндіруші сәуір айында бұрын-соңды болмаған 5 миллиард доллар шығынға ұшырағанын айтты. Негізгі себептердің арасында:

  • Активтердің құнсыздануы;
  • қайта құрылымдау шығындары;
  • Honda-мен бірігу туралы келіссөздердің сәтсіз аяқталуы. 

Бұған дейін Аяқ киім брендтері Трамптан оларды баж салығынан босатуды сұрағаны жайл жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: