АҚШ Мемлекеттік департаменті жұмысшыларын жаппай жұмыстан босата бастады

Мемлекеттік департамент, АҚШ, жұмысшылар, жұмыстан босату, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2025 19:52 Сурет: az.usembassy.gov
АҚШ Мемлекеттік департаменті жұмысшыларын жаппай жұмыстан босата бастады, оның салдарынан ішкі қызметкерлер саны 15%-ға азаюы мүмкін. АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің жоспары аясында 1300-ден астам қызметкерді жұмыстан шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

1107 мемлекеттік қызметшілерге және ішкі жұмыстардағы 246 дипломатиялық қызмет өкілдеріне жұмыстан босату туралы хабарлама жіберілді, деп жазады The Guardian Мемлекеттік департаменттің жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасап.

Журналистердің қолына тиген ішкі хабарлама мәтінінде қысқартуға жататын дипломатиялық қызмет қызметкерлері дереу 120 күн мерзімге әкімшілік демалысқа жіберілетіні, содан кейін ресми түрде олардың жұмысынан айырылатындары айтылған. Көптеген мемлекеттік қызметкерлерге 60 күннен кейін жұмыстан босатылатындары ескертілген. 

Департаментті қайта құрылымдау және ішкі операцияларды оңтайландыруға байланысты осындай шешім қабылданғаны да нақтыланады.

Бұған дейін Ақ үй Джули Стаффты Қазақстандағы АҚШ елшісі етіп тағайындауды жоспарлап отырғаны белгілі болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: