Трамп АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне кандидатты ұсынды

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 14:26 Фото: flickr/Gage Skidmore
Ақ үй Джули Стюффты Қазақстанға елші етіп тағайындауды жоспарлап отыр. Енді оның кандидатурасын Сенатта бекіту керек. Бұл туралы Zakon.kz АҚШ мемлекеттік әкімшілігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақ үйдің сайтында 2025 жылдың 9 шілдесінде жарияланған мәлімдемеге сәйкес, Огайо штатынан Джули Стюффт Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне ұсынылды.

Сондай-ақ АҚШ-тың Малайзия, Таиланд және Шри-Ланкадағы елшілері қызметіне үміткерлер тізімі жарияланды.

Джули Стюффт бұған дейін Молдова, Джибути, Ресей, Эфиопия және Польшадағы АҚШ елшіліктерінде қызмет еткен. Ол сондай-ақ Visa қызметтері бойынша басқарушы директор және Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде жоғары лауазымда қызмет етті.

АҚШ-та елшілерді тағайындау процесі бірнеше кезеңде өтеді: президент кандидатураны Сенатқа жібереді, онда оны Сыртқы істер комитеті қарайды, қажет болған жағдайда тыңдаулар өткізеді. Мәселе мақұлданғаннан кейін Сенатта дауысқа салынады.

Дэниел Розенблюм екі жылдан астам АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін атқарды. 2024 жылдың 5 желтоқсанында ол отставкаға кететінін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: