Газа секторында гуманитарлық көмек жеткізудің тоқтауынан ашыққан балалар шетінен жан тапсыруда

Газа секторында гуманитарлық көмек жеткізудің тоқтауынан ашыққан балалар шетінен жан тапсыруда, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 11:51 Сурет: pixabay
Газа секторындағы 500 мыңға жуық палестиналықтар Израильдің гуманитарлық көмегін тоқтата тұру салдарынан туындаған азық-түлік тапшылығынан зардап шегуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, 2025 жылдың 2 наурызынан бастап 57 бала аштықтан көз жұмған.

"Газа халқының 93%-ы азық-түлік тапшылығының ауыр деңгейінде өмір сүріп жатыр, ал шамамен 470 000 адам аштықтың апатты жағдайына тап болған",- делінген ақпаратта.

ДДҰ егер жағдай өзгермесе, алдағы 11 айда бес жасқа дейінгі шамамен 71 000 бала азық-түлік тапшылығынан зардап шегуі мүмкін деп ескертеді. Гуманитарлық ұйымдар шұғыл араласу мен блокаданы тоқтатуды талап етуде.

Бұған дейін Nissan компаниясы жұмысшыларын жаппай қысқартпақ екенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: