Индонезияда тағы бір жанартау оянды

Индонезияда тағы бір жанартау оянды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 11:35 Сурет: pexels
Индонезияда жанартаулар бірінен кейін бірі оянуда. Бұл жолы бір тәулік ішінде Шығыс Ява провинциясындағы Семеру жанартауы 11 рет атқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Tempo порталының мәліметінше, жанартаудан атқылаған күл 1200 метрге дейін немесе теңіз деңгейінен 4876 метр биіктікке көтерілген.

Елдің вулканология орталығы жергілікті тұрғындар мен туристерге жанартаудан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге дейін жақындамауға кеңес берді.

Семеру – Индонезиядағы төртінші биік жанартау (теңіз деңгейінен 3676 м биіктікте) және Ява аралындағы ең биік шың.

Айта кетейік, Индонезияда 500-ден астам жанартау шоғырланған, олардың 130-ға жуығы белсенді.

Бұған дейін елде Левотоби Лаки-лаки жанартауы атқылап, қауіптің ең жоғары деңгейі енгізілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: