Жойқын су тасқыны болған Индонезияда енді жанартау мінез танытып жатыр
Сурет: видеодан алынды
Antara мәліметінше, қазіргі уақытта Семеруге қауіптіліктің үшінші деңгейі танылды.
"Шенеуніктердің айтуынша, дүйсенбіде Семеру жанартауы үш рет атқылаған, соңғы атқылау кезінде күлдің көкке көтерілу биіктігі 900 метрді құрағаны байқалды", делінген хабарламада.
Басылым мал басын сақтау үшін ауыл шаруашылығы министрлігі жем, дәрумендер мен дәрі-дәрмектер таратып жатқанын атап өтті.
Семеру - Индонезиядағы Ява аралындағы ең биік жанартау, оның кратерінде лавадан пайда болған көл орналасқан.
Dramatic footage shows Mount Semeru, Indonesia’s highest peak on Java island, erupting 🤯👀 pic.twitter.com/f5QpsGwbEe
— Daily Loud (@DailyLoud) November 21, 2025
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Прабово Субианто мен Таиланд премьер-министрі Анутину Чарнвиракулуға осы елдер аумағындағы жойқын су тасқыны салдарынан орын алған көптеген адам шығынына байланысты көңіл айтқан болатын. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Шри-Ланка президенті Анура Кумара Диссанаякеге де көңіл айту жеделхатын жолдады.