Ресейде COVID-19-дың жаңа түрін жұқтыру жағдайлары анықталды

Ресейде COVID-19-дың жаңа түрін жұқтыру жағдайлары анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 10:50 Сурет: pexels
Ресейде коронавирус инфекциясының NB.1.8.1 деп аталатын жаңа түрін жұқтырудың төрт жағдайы тіркелді. Қазір жағдай Роспотребнадзордың бақылауында, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің ақпаратынша, бұл туралы журналистерге санитарлық бақылау мекемесінің басшысы Анна Попова мәлімдеді. Оның айтуынша, түрлі елдердің бұқаралық ақпарат құралдарында COVID-19-дың жаңа генетикалық нұсқасы – NB.1.8.1 пайда болғаны туралы мәліметтер таралып жатыр.

"Бұл геновариант алғаш рет биылғы жылдың қаңтар айында Қытайда анықталып, сипатталды. Кейін ол Азия елдерінде, Үндістанда және Америка Құрама Штаттарында тіркелді... Бүгінгі таңда Ресей Федерациясында да анықталды, осы жаңа коронавирус түрін жұқтырудың төрт жағдайы тіркелді. Бұл белгілі бір алаңдаушылық тудырады", – деді ол.

Бұған дейін Джо Байденнің дертін дер кезінде анықтай алмаған жеке дәрігері сынға ұшырағандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: