Өзбекстанда толассыз жаңбыр салдарынан бірнеше ауылды су басты

Паводки, наводнения, наводнение, эвакуация людей, затопления сел, потопы, затопления деревень, паводковая ситуация , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2025 09:37 Фото: akorda.kz
Таулы аймақтағы жолдарда қалың тұман түсіп, көлік қатынасы қиындап, жол апаты көбейген.

Жызақ облысында өзендер арнасынан асып сел жүрді. Лай көшкіні мен қиыршық тастар жолды жауып, көлік қозғалысы уақытша тоқтады. Абырой болғанда адамдар аман.

Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті билік өкілдері су тасқынының зардабын жоюға кіріскен. Қора жайлар мен баспаналарға қаншалықты зиян келгені анықталып жатыр.

Синоптиктердің болжамына сай жауын-шашын әлі де жалғасуы мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Гидрометеорологиялық қызмет алдағы күндері елдің 9 облысында су тасқыны болу қаупі бар екені жайлы ресми хабарлама таратты.

Таулы аймақ тұрғындарына, демалушылар мен туристерге қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: