Израиль Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды

Израиль Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2025 11:52 Сурет: freepik
28 мамырда Ақ үй Израильдің АҚШ ұсынған ХАМАС-пен уақытша атысты тоқтату туралы жаңа ұсынысын қабылдағанын мәлімдеді. Енді осыған ұқсас шешімді ХАМАС тарапынан күтіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

AP агенттігінің мәліметінше, бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеген. Оның айтуынша, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф ХАМАС-қа атысты тоқтату туралы ұсыныс ұсынған, ал Израиль бұл бастаманы қолдап, мақұлдаған.

Әзірге ХАМАС өкілдері Израиль мақұлдаған жобаға салқынқандылықпен қарап отыр, бірақ олар ресми жауап бермес бұрын бұл ұсынысты мұқият зерттегілері келетінін мәлімдеді.

Бұған дейін Өзбекстанда толассыз жаңбыр салдарынан бірнеше ауылды су басқандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: