Өзбекстанда шегіртке қаптап кетті

Өзбекстанда шегіртке қаптап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2025 16:56 Сурет: pixabay
Өзбекстанда шегіртке шабуылы толастамай тұр. Диқандарды алаңдатқан зиянкес жәндік бүгінде елдің барлық аумағына дерлік жайылған.

Әсіресе "Сексеуіл бүкір" шегірткесі жасыл желекті жайпап барады. Дәрілеу жұмыстары жүргізілсе де, бой берер емес.

Қазақстанмен шектесетін облыстарда да алқаптарға ауыз салған. Бүгінге дейін 680 мың гектардай аумақта зерттеу жүргізіліп, 390 мың гектар жер арнайы өңдеуден өтті, деп жазады qazaqstan.tv.

Мыңнан астам бүркігіш техника алқаптарда дәрі шашып жүр. Биыл көрші ел зиянкеспен күресу шараларына дрондарды да пайдалануға көшкен.

Жергілікті тұрғындар шегірткенің шабуылы тоқтамаса, шығынға ұшыраймыз ба деп алаңдаулы. Өсімдік қорғау мамандары жағдай бақылауда дейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: