Зеленский Украинаның газ тапшылығына тап болуы мүмкін екенін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский газ инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты елде газ тапшылығы туындауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az таратқан ақпаратқа сәйкес, ол бұл туралы журналистермен өткен брифингте айтты.
"Газ қоймалары мен өндіру нысандарына жаппай шабуылдар болды. Біз бірқатар мүмкіндіктерден айырылдық, қазір оларды біртіндеп қалпына келтіріп жатырмыз", – деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, Украина қажетті газ көлемінің бір бөлігін тапқан, алайда қажеттілікті толық қамтамасыз ету үшін тағы шамамен жарты ресурсы жетіспейді.
"Энергетика министрімен келісімге келдік: егер бәрін қалпына келтіре алмасақ, егер халқымызды толықтай газбен қамтамасыз ете алмасақ, осы тапшылықты жабу жолдарын іздейтін боламыз", – деді Зеленский.
Украина Президенті шамамен 1 миллиард еуроға газ сатып алу жайында сөз болып жатқанын айтып, бұл мәселені Норвегия Премьер-министрімен талқылап жатқанын жеткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript