Зеленский Вашингтонға аттануы мүмкін
Сурет: Украина президентінің ресми интернет үкіметі
Украина президенті Владимир Зеленский бүгін Вашингтонға аттануы мүмкін. Осылайша ол елінде қарулы қақтығыс басталғалы алғаш рет шетелге сапар шекпек, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұны Құрама Штаттардың бірнеше ақпарат құралы хабарлады.
Олардың қатарында CNN телекомпаниясы мен Politico басылымы бар. Американдық журналистердің дерегінше, Зеленский АҚШ Конгрессінің алдында сөз сөйлеп, президент Джо Байденмен кездеседі, деп жазады qazaqstan.tv.
Өзге бір деректерге қарағанда, Украина лидері қазірдің өзінде Құрама Штаттарға ұшып барады.
Америка Сенаты Украина мен НАТО-ға шұғыл көмекке шамамен 45 миллиард доллар бөлу мәселесін қарастырып жатыр. Және де АҚШ Киевке «Пэтриот» зымырандық қорғаныс жүйесін жөнелту жоспарын мақұлдауға жақын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript