Қара теңізге ресейлік мазут төгілді

Қара теңізге ресейлік мазут төгілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2025 14:36 Сурет: pixabay
Ресейдің Кубань өлкесінде Қара теңізге мазут төгіліп, 30 мыңнан аса құс қырылды.

Дауылдың салдарынан Керчь бұғазындағы бірнеше танкер тағы соқтығысып, апатқа ұшыраған.

Салдарынан қара теңізге үлкен көлемде мазут төгілді, оны тазалауға маман күші жетпейді.

Сарапшылар мұны салдары орасан, экологиялық апат екенін айтып отыр.

Өйткені мұндай төтенше жағдай әлемде алғаш рет тіркелді, деп жазады qazaqstan.tv.

Мазут тығыздығы жағынан су тәрізді және ауыр, басқа мұнай өнімдерінен айырмашылығы – жер бетіне шықпайды, түбіне кетеді немесе су бетінде көлкіп тұрады.

Сондықтан Ресейдің екі өңірінде төтенше жағдай жарияланып, мыңнан астам адам теңіз жағалауын тазартуға жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: