Капитан Куктың жоғалған кемесі 250 жылдан кейін табылды

Капитан Куктың жоғалған кемесі 250 жылдан кейін табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2025 11:28 Сурет: wikipedia/Ньюпорт
Аңызға айналған капитан Джеймс Куктың "Индевор" кемесі АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Ньюпорт қаласының айлағы түбінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail басылымының жазуынша, 25 жылға созылған зерттеулерден кейін Австралияның Ұлттық теңіз музейі RI 2394 нөмірімен тіркелген қалдықтардың расында да "Индевор" кемесіне тиесілі екенін растайтын соңғы қорытынды есебін ұсынды. Бұл кеме кейінірек "Лорд Сэндвич" деп аталып, 1778 жылы АҚШ-тың Тәуелсіздік соғысы кезінде британдықтар тарапынан әдейі суға батырылған. Кемеге тән ерекше құрылыс элементтері мен тарихи сызбаларға дәл сәйкестігі оның түпнұсқалығы туралы күмән қалдырмады. Қаңқасының небәрі 15%-ы ғана сақталғанымен, бұл археологтар үшін үлкен олжа саналады.

Бұл жаңалық Австралиялық және америкалық зерттеушілер арасындағы көпжылдық пікірталастарға нүкте қойып отыр. Енді ғалымдар XVIII ғасырдағы ең маңызды саяхаттардың бірін жасаған тарихи кеменің қалдықтарын сақтап қалуға көңіл бөлмек.

Джеймс Кук — Ұлыбританиялық әскери теңізші, саяхатшы-зерттеуші, картограф және жаңалық ашушы. Ол Дүниежүзілік мұхитты зерттеуге арналған үш рет әлемдік экспедицияны басқарған (1768–1771, 1772–1775 және 1776–1779 жылдары). Бұл сапарлар барысында Кук көптеген географиялық жаңалықтар ашып, Жаңафаундленд пен Канаданың шығыс жағалауы, Австралия, Жаңа Зеландия, Солтүстік Американың батыс жағалауы мен Тынық, Үнді және Атлант мұхиттарының бұрын зерттелмеген бөліктерін картаға түсірген. Оның жоғары дәлдікпен жасалған карталары XIX ғасырдың екінші жартысына дейін теңізшілерге қызмет етті. Оның өлімі Ұлы географиялық ашулар дәуірінің аяқталуымен байланыстырылады.

Бұған дейін Лувр қызметкерлерінің жиналыс кезінде ереуілге шыққандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: