Қырғызстанда көл тасып, 180 адам эвакуацияланды

Су тасқыны, Қырғызстан, Шу, Тақыр-Төр, эвакуация, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2025 20:46 Сурет: видеодан алынды
Шу облысының Ыстық Ата ауданында Тақыр-Төр көлі тасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kg елдің төтенше жағдайлар министрі Бөбек Әжікеевке сілтеме жасай отырып, Алмалуу, Горная Серафимовка және төменгі Серафимовка ауылдарының тұрғындары шұғыл түрде эвакуацияланғанын хабарлады.

"Шамамен 180-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылдыү Олардың арасында мүгедек жандар да бар", делінген хабарламада.

Оқиға орнына ТЖМ жанындағы мониторинг және болжау департаментінің мамандары жұмыылдырылған.

Бұған дейін Павлодар облысында қатты дауыл болғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: