Көл маңында адасып кеткен велосипедшілер дронның көмегімен табылды

Көл маңында адасып кеткен велосипедшілер дронның көмегімен табылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 14:04 Сурет: magnific
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тоғыз велосипедші Березовка ауылына бара жатқан жолда Сафонково көлі маңында бағыттан жаңылып қалған. Қараңғы түскен соң олар далада қалып, жолды өз бетінше таба алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздестіру жұмыстарына ТЖМ қызметкерлері дереу шықты.

"Әуеге ұшқышсыз ұшу аппараты көтерілді. Қараңғыда дәл осы дронды велосипедшілер байқап, соған қарай қозғала бастаған. Біраз уақыттан кейін құтқарушылар алыстан велосипед шамдарының әлсіз жарығын көрді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Көп ұзамай тоғыз адамның барлығы автожолға аман-есен жеткізілді. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бұған дейін Петропавлда ағашқа өрмелеп шыққан ер адам өздігінен түсе алмай құқарушылардың көмегіне жүгінгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: