Сочи халықаралық әуежайында қос ұшақ соқтығысып қалды
Сурет: Telegram/Южная транспортная прокуратура
27 маусымда Сочи халықаралық әуежайында Түменге ұшуы тиіс ұшақ ұшу-қону жолағына қарай жылжып бара жатқанда Норильскіден келіп жеткен өзге ұшақты түйіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
РФ Оңтүстік көлік прокуратурасының мәліметінше, жолаушылар да, экипаж мүшелері де зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта Сочи халықаралық әуежайында авиациялық оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.
"Сочи көлік прокуратурасы ұшу қауіпсіздігі туралы заңнаманың орындалуына қатысты тексеру жүргізуде, оның қорытындысы бойынша ден қою шараларын қабылдау қажеттілігі туралы мәселе қаралатын болады", делінген хабарламада.
Бұған дейін American Airlines ұшағы ұшар кезінде түтеп қоя бергені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript